Бас жаңалықтар
Үндістан астанасындағы өрттен 40-тан астам адам қаза болды
08 Желтоқсан 2019, 15:55 4735

Үндістан астанасындағы өрттен 40-тан астам адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Үндістан астанасы Дели қаласындағы фабрикада өрт шығып, кем дегенде 43 адам қаза тапты. Бұл туралы Үндістан билігіне сілтеме жасаған халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Өрт таң ата Делидің орталығында шыққан. Куәгерлердің сөзінше, көпқабатты ғимаратта өрт болған кезде ондаған жұмысшы ұйықтап жатқан. Ел билігі құрбандар саны өсуі мүмкін деп қауіптенеді.

Алты қабатты фабрика халық тығыз қоныстанған ауданда орналасқан. Бұл маңда “Садар-Базар” атты ең ірі сауда базары орналасқан. Тар көшелер өрт сөндірушілердің жұмысына біраз кедергі келтірген.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, 56 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың көбі түтінге уланып қалған.

Reuters ақпарат агенттігінің дерегінше, өрт сумка жасайтын фабрикада тұтанған. Өндіріс қоймасында сөмке жасауға арналған шикізаттар көп болған.

Үндістан билігі өрттің себебін анықтап жатқанын хабарлады.


Фото: дереккөз
Загрузка...