«Астананың» жас футболшылары Мадридтегі Чемпиондар лигасының финалын тамашалайды

26 Сәуір 2019, 13:09
2472
Бөлісу:
«Астананың» жас футболшылары Мадридтегі Чемпиондар лигасының финалын тамашалайды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Футбол достық үшін» атты халықаралық әлеуметтік жобаға биыл «Астана» клубы қатысады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәжілісінде «Астана» клубының атқарушы директоры Пол Эшуорт айтты.

Ресейдің «Газпром» компаниясы УЕФА Чемпиондар лигасының ресми түрде демеушісі болып табылады. Олар тұрақты түрде осы халықаралық жобаны қолдап келеді.

«Астананың» жас футболшылары Мадридтегі Чемпиондар лигасының финалын тамашалайды

 «Өздеріңіз естігендей, «Футбол достық үшін» атты халықаралық әлеуметтік жобаға биыл «Астана» клубы қатысады. Бұл жобаға әлемнің әр түкпірінен жас футболшылар шақырылады. «Астана» клубы үшін осындай әлеуметтік жобаға қолдау көрсетіп, белсенділік таныту аса маңызды. Сондықтан біз ұйымдастырушылардың шақыруын қуана қабылдадық. Біздің футбол орталықта 300-ден астам бала дайындалады. Биылғы жылы 2006-2008 жылы туған қыздарға арналған топты да аштық. Бас демеушіміз «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының арқасында барлық сабақты тегін өткіземіз. Оның бәрі жас таланттарды шындау, тәрбиелеу. Тағы да қайталап кетейін, «Футбол достық үшін» атты халықаралық әлеуметтік жобаға Қазақстан атынан «Астана» клубын таңдап алулары үшін біз үшін мақтаныш», - деді Пол Эшуорт.
 
Биыл бұл жоба Испания астанасы Мадрид қаласында 28 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар «Футбол достық үшін» жобасы кейінгі толқынды тәрбиелеуде орасан зор пайдасы бар. Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға және мақсатқа жетуге үйретеді. Бұл жоба негізінен сыйластық пен өзге мәдениетті құрметтеуге жетелейді. Қоғамдағы құндықтарды бағалауға тәрбиелейді деп отыр.

«Астананың» жас футболшылары Мадридтегі Чемпиондар лигасының финалын тамашалайды

«Астана» клубының делегациясын ағылшын тілін бапкер Ербол Мұсабаев бастап барады. Ал команда құрамында мына балалар бар:
 
1.Сергей Есько – «Астана» клубының 2004 жылғы түлегі;

2. Дария Ахметқалиева – 2007 жылғы;

3 Аделия Беккожина – 2007 жылғы;

4. Дария Ержан – 2006 жылғы.

«Астананың» жас футболшылары Мадридтегі Чемпиондар лигасының финалын тамашалайды

Форумға қатысушылар 1 маусым күні Мадридтегі «Ванда Метрополитано» стадионындағы Чемпиондар лигасының финалын тамашалайды. 
 
Айта кетейік, «Футбол достық үшін» атты халықаралық әлеуметтік жобасы Ресейдің «Газпром» компаниясының арқасында 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан осымен бесінші рет қатысайын деп отыр. Бұған дейін еліміздің «Қайрат» клубының түлектері барып жүрген болатын.


Өзгелердің жаңалығы