Бас жаңалықтар
Санира Жүсіпова – Астананың жаңа атауы ел дамуына тың серпіліс әкеледі
23 Наурыз 2019, 14:33 343

Санира Жүсіпова – Астананың жаңа атауы ел дамуына тың серпіліс әкеледі

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің жастары Еуразия кіндігіндегі Астана қаласының жаңа атауы ел дамуына тың серпіліс әкелетініне сенімді. Павлодарлық жастар осындай пікір білдіріп жатыр.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпованың пікірінше, Астана атауының Нұр-Сұлтан болып өзгертілуі еліміздің Тұңғыш Президенті мұрындық болған стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңіне айналады.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті атанған сәтте мен әлі дүниеге келмеген едім. Сондықтан, мен үшін Қазақстан мен Нұрсұлтан, Астана мен Нұрсұлтан – өзара керемет үйлесім тапқан егіз ұғым. Мен, Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде Елбасымызға алғыс айтудан ешқашан жалықпаспын. Мен әлем елдері санасатын алпауыт елде тудым, сапалы білім алып, табысты еңбек етіп жатырмын. Құдайға шүкір, төрт көзіміз түгел, бауырымыз бүтін», - дейді Санира Жүсіпова.

Санира Жүсіпова Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін тоққтату жөніндегі мәлімтемесін естігенде, біраз қобалжығанын жасырмады.

«Алғаш рет естігенде бойымды қорқыныш кернеді. Мен «Әрі қарай қалай өмір сүреміз? «Ертеңіміз не болмақ?» деген сауалдарға жауап іздей бастадым. Дегенмен, Тұңғыш Президентіміз өз сөзінде жастарға зор үміт артатынын, еліміздің болашағын сеніп тапсыратынын қадап айтты. Бұдан артық бізге не керек? Осы сөздерді естігеннен кейін қорқынышым да сейіліп кетті. Сондықтан, елімізді гүлденуі жолында аянбай еңбек етуге дайынмын. Менің қатарластарым да осындай пікірде. Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертілуі құптарлық іс деп ойлаймын», - дейді жастар белсендісі.

Еске салсақ, бүгінгі күнге дейін облыс орталығындағы ең ұзын, 10 шақырымдық көшенің атауы Елбасының есімімен аталды. Бұл шешімді өңірдегі мәслихат депутаттары мен жұртшылығы қолдады.



Фото: дереккөз

Сізден жаңалық