Астананың тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін құжаттар тізімі жаңартылды

18 Ақпан 2019, 18:16
2054
Бөлісу:
Астананың тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін құжаттар тізімі жаңартылды

Астана, BAQ.KZ. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға 2019 жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны аралығында тізімге сәйкес құжаттарын жаңарту қажет. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Құжаттарды Астана қ., Алматы ауд., Р. Қошқарбаев даңғ., 39 үй (М. Жұмабаев даңғылынан кіру) мекенжайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-не бекітілген кестеге сәйкес тапсыру қажет.

Толық ақпарат Мекеменің ресми интернет-ресурсында: zhilfond.kz (сайт); zhilfond_astana (instagram); КГУ Жилищный фонд г.Астаны (Facebook).

Төменде жаңартуға қажеті құжаттар тізімі көрсетілген:

1) өтініш;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын растайтын куәліктері;

3) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, қайтыс болу, туу туралы куәліктері, некеде тұрмайтындығын растайтын нотариалды куәләндырылған өтініші;

5) өтініш беруші, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтамасы;

6) өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері;

7) өтініш берушінің ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабында көрсетілген санатқа жататындығын растайтын құжат;

8) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтамасын және кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесін ұсынады.



Өзгелердің жаңалығы