Астананы газдандыру қаланың шеткі аудандарынан басталады

30 Қаңтар 2019, 17:35
3340
Бөлісу:
Астананы газдандыру қаланың шеткі аудандарынан басталады

Астана, BAQ.KZ. Жобаға сай бірінші кезекте көгілдір отынмен қалалық ЖЭО, Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный тұрғын алаптары мен Оңтүстік-шығыс ауданы қамтылатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Орталықтандырылған газға Астананың қай нысандары мен аудандары бірінші кезекте қосылатыны белгілі болды.

«Астананы газдандыру жобасы 3 кезектен тұрады. Бірінші кезек аясында газ АГТС-1-ден ЖЭО-1 және ЖЭО-3-ке, АГТС-2-ден ЖЭО-2-ге, газ таратушы желілерден Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный тұрғын алаптарына және Оңтүстік-шығыс ауданына таратылатын болады», - деп мәлімдеді отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басұармасында.

Жобаның екінші кезеңі отынды газ таратушы желілерден Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар, Тельман, Пригородный, Garden Village, Family Village тұрғын алаптарына жеткізуді қарастырады.

«Қаланы газбен жабтықтау үш кезеңге бөлінген. Бірінші бөлікте газ беру АГРС-1, ЖЭО-1 және ЖЭО-3 (су жылытқыш қазандар және мазут қазандары), су жылытқыш қазандар АГТС-2 және ТЭЦ-2 (2-ші ӨК) жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, Көктал-1, Көктал-2 (3-6-е ПК) тұрғын алабтары, шағын аудандар, оның ішінде Железнодорожный тұрғын алабы, Оңтүстік-шығыс шағын ауданы (8-9-е ПК) бар», - деп хабарлады Астана қаласының отын-энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Екінші кезекте Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар және Промышленный, Тельман, Пригородный, Garden Village, Family Village тұрғын алаптарын газ отынына ауыстыру жоспарлануда.

Үшінші кезекте Ильинка,Шұбар, Өндіріс тұрғын алаптары газдандырылатын болады. Осы жылдың ІІ тоқсанында І кезектегі газ тарату желілерінің құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Қаржыландырудың бөлінуіне қарай Көктал-1,2, Теміржол және Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптары 2019-2023 жылдар аралығында газдандырылмақ.   Астананы газдандыру республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ жеке инвестициялар қаражаты есебінен жүзеге асырылғалы отыр. Қаланы газдандыру шеңберінде Астана әкімдігінің құзыретіне газ тарату желілерінің құрылысы кіреді.

Өзгелердің жаңалығы