Астаналық полицейлер көлік жүргізушілерге үндеу жасады
25 Қараша 2021, 12:03 78

Астаналық полицейлер көлік жүргізушілерге үндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда аса мұқият болу керектігін ескертті.

Қар толассыз жауғандықтан арнайы техника елорда көшелерін тазалау үшін тәуліктік режиммен жұмыс істеп жатыр. Жүргізушілерді көлігін жол бойында қаңтармауға шақырамыз. Бұл қар күреу жұмыстары мен қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіреді. Жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты және қауіпсіз қашықтық режимін сақтаңыз, –  деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция тұрғындарға қаладан алыстап шықпауға кеңес беріп отыр.

Қала ішінде де діттеген жерге баратын маршрутты алдын ала жоспарлап, қозғалыс жолағын кенет ауыстырмау, аяқ астынан тежегіш баспау маңызды. Боран мен көктайғақ кезінде қозғалыс тәуекелі артады. Жаяу жүргіншілерге де өте мұқият болу керек. Жолдан өткен кезде гаджеттерге үңілмей, құлаққапты алып, айналаға назар салу қажет. Сондай-ақ қызмет көрсететін компаниялар өкілдеріне тұрғын үй кешендерінің ауласын қардан тазалау жұмыстарын уақтылы ұйымдастыру қажет екенін ескертеміз, – делінген департаменттің мәліметінде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...