Бас жаңалықтар
Астаналық саябақта шаңғы жарысы өтеді
10 Желтоқсан 2019, 15:14 581

Астаналық саябақта шаңғы жарысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Астаналық саябақта шаңғы-роллерлік трассада шаңғы жарысы өтеді. Аталмыш шара елордадағы қысқы маусымның шымылдығын ашады. Бұл туралы қалалық Мәдениет және спорт басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де, ал жарыс сағат 11:00-де басталады. Бәсеке әдеттегідей, 1 шақырым дистанцияны бағындырудан басталады. Содан кейін қатысушылар жас санаттары бойынша бөлінеді және әрбір топ әртүрлі қашықтықтарда күш сынасады.
45 жастан асқан қатысушы ардагерлер (1974 жылы туған және одан жоғары) оның ішінде ерлер – 3 шақырым, әйелдер – 1 шақырым бағындырады, күш құрылымдары: ерлер - 3 шақырым, әйелдер - 3 шақырым, жасы 15-тен 20-ға дейін жоғары жасөспірімдер (2004-2005 ж.т, 2002 – 2003 ж.т, 2000 – 2001 ж.т., 1999 ж.т. және одан жоғары) : ерлер - 5 шақырым, әйелдер – 3 шақырым, жасы 14-15 жас аралығындағылар (2006 – 2007 ж.т.): ұлдар – 3 шақырым, қыздар - 1 шақырым, сондай-ақ 2007 ж.т. кіші жасқа дейінгі ұлдар - 1 шақырым, қыздар - 500 м жарысады, - делінген хабарламада.

Жарысқа ниет білдіргендердің барлығы қатысады. Тіркеуден өту үшін жеке куәлік қажет. Шаңғы жарысы өтетін аумақта шаңғы керек-жарақтарын прокатқа беретін екі орын жұмыс істейді.

Әр топ бойынша жеңімпаздар дистанцияны бағындыруға жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады. Әр санат бойынша 1, 2, 3-орын алған жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.  


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...