Бас жаңалықтар
Астаналық өрт сөндірушілер 11 адамды құтқарып қалды
14 Қаңтар 2019, 15:12 1239

Астаналық өрт сөндірушілер 11 адамды құтқарып қалды

Астана, baq.kz. Өткен жұма күні 101 өрт сөндіру байланысының орталық пунктіне Сығанақ көшесіндегі үйлердің бірінде өрттің шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Төртінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жиһаз бен киім-кешектер жанып жатқаны туралы хабарланған болатын бұл қоңырауда.    

«Өрт сөндіру қызметінің 16-МӨСБ өрт сөндірушілерінің жедел әрекет етуі мен іс-қимылдарының арқасында 11 адам құтқарылды. Адамдарды құтқарумен қатар жанып жатқан пәтерде қалған итті құтқару жұмысы ұйымдастырылды», - делінген Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 Өрт сағат 17:19-да ауыздықталып, сағат 17:25- те толықтай сөндірілді.

Загрузка...