Астанадағы «Артем» сауда үйіне жарылғыш зат қойылған

25 Қараша 2020, 16:02
2299
Бөлісу:
Астанадағы «Артем» сауда үйіне жарылғыш зат қойылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алайда сауда орталығын тексеру барысында жарылғыш зат табылмады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.          

Нұр-Сұлтан қаласы ПД жедел басқару орталығының 102 каналына 25 қараша күні сағат 09:21-де «Астаналық» сауда орталығына («Артем») жарылғыш зат қойылғандығы хабарланды.

Орталықты тексеру барысында жарылғыш зат табылмады. Полицейлер кешенді іздестіру жұмыстарын атқарды. Аталмыш қылмысты жасады деген күдікпен 21 жастағы ер адам ұсталды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.



Өзгелердің жаңалығы