Астанада жас суретшінің көрмесі өтті

30 Қаңтар 2019, 10:27
3492
Бөлісу:
Астанада жас суретшінің көрмесі өтті

Астана, BAQ.KZ. Астанада «ҚҰЛАНШЫ» Қазіргі Заман Өнер Орталығында «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жас суретші Нұрсұлтан Сейітовтің көрмесі ашылды.

Жас суретші «Еркіндік үшін» деп аталатын кезекті көрмесінде 39 туындысын келушілер назарына ұсынды.

Астанада жас суретшінің көрмесі өтті

«Еркіндік – мына әлемдегі тіршілік иелері үшін ұлы ұғым. Адам да, аң да, құс та, өсімдік те еркіндікті сүйеді. Мен де сүйемін. Байқасаңыздар бүгінгі көрмеге түрлі жанрда салынған еңбектерімді әкелдім. Өзімнің жаныма ең жақыны пейжаз салу, онда да қаланың пейжазын салғанды жаным сүйеді. Бірақ, ешқашан бір жанрға байланып қалғым келмейді. Сол себептен де көрменің атын «Еркіндік үшін» деп атадым», - дейді суретші.

Нұрсұлтанның таңдаған жолы расында да ауыр әрі күрделі, деп баға береді ұстаздары. Адам бір жанрда сурет салу арқылы қалыптасып алуға болады. Ал, әр бағытта жұмыс жасау үнемі ізденісті, тынымсыз жұмысты, қажырды қажет етеді.

Астанада жас суретшінің көрмесі өтті

«Мен Нұрсұлтанды студент кезінде байқағам. Ол үнемі ізденісте жүреді. Өзінің шығармаларына өз көңілі төлмай, өзін ширатып, шыңдап жүреді. Еркіндікті қалайды. Оның талантын, талабын бағаннан кейін көп қақпайлап, белгілі бір бағытқа байлағаным жоқ. Бүгінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, өзгеше ой айта алатын суретшілер қатарын толықтырып келеді. Мен Нұрсұлтаннан бұдан да үлкен еңбектер күтемін және сенемін», - дейді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, суретші Кәміл Муллашев.

Астанада жас суретшінің көрмесі өтті

Астанада жас суретшінің көрмесі өтті

Өзгелердің жаңалығы