Астанада қысқы ралли-спринт өтті

21 Қаңтар 2019, 10:45
2251
Бөлісу:
Астанада қысқы ралли-спринт өтті

Астана, BAQ.KZ. Елордада қысқы ралли-спринттен «Самұрық-2019» Қазақстан Кубогының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Оған еліміздің 8 аймағынан 40-тан астам спортшы қатысты.

Шараны Астана қаласы әкімдігі мен ҚР автомотоспорт федерациясының қолдауымен Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылығымен Астана қаласының «Sport Racing Club» ЖҚБ ұйымдастырды.

«Аталған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, автоәуесқойлар арасында автомобиль спортын танымал етуге және жастардың техникалық спорт түрлеріне бос уақытты өткізу формасы ретінде назарын аудартуға, автомобильді басқару дағдыларын жетілдіруге және оны түрлі жол жағдайында қауіпсіз пайдалануға бағытталған», – деді қысқы ралли-спринтін ұйымдастырушысы Денис Аксенов.

Оның айтуынша, қысқы ралли-спринт Қазақстанда 2007 жылдың желтоқсанынан бастап өтіп келеді.

2011 жылдан бастап ұйымдастырушылар «Sport Racing Club» ЖҚБ атынан ҚР Кубогында «Самұрық» ауыспалы кубогын іске қосты.

Қысқы ралли-спринттен «Самұрық-2019» Қазақстан Кубогының екінші кезеңі 25-26 қаңтарда Қарағандыда, үшінші кезеңі 8-9 ақпанда Павлодарда және қорытынды кезеңі 22-23 ақпанда Астанада өтеді.

Өзгелердің жаңалығы