Бас жаңалықтар
Астанада йогадан, фитнес жаттығулардан тегін сабақтар өтеді
11 Маусым 2021, 17:37 138

Астанада йогадан, фитнес жаттығулардан тегін сабақтар өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін жаз мезгілінде йога, фитнес жаттығулардан арнайы тегін сабақтар өтеді. 

Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтетін тегін сабақтарды кәсіби жаттықтырушылар мен фитнес нұсқаушылар жүргізеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Басқарманың бұқаралық спорт бөлімінің бас маманы Ақерке Өтегенова алғашқы жаттығу алдағы демалыс күндері ашылатын «Demalys  promenad» көшесінде басталатынын айтты.


Тегін сабақтар мен жаттығулар 12 маусым күні ашылатын «Demalys promenad» демалыс көшесінде бастау алады. Сонымен қатар аталған көшеде спортшыларымыз киокушинкай каратэ, муай тай, таэквандо, көркем гимнастика секілді спорт түрлерінен шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ «Қолжетімді спорт» бағдарламасы аясында елорда тұрғындарына фитнес, жүгіру, воркаут, зумба, йога, тыныс алу гимнастикасы, скандинавиялық жүріс секілді спорт түрлерінен кәсіби жаттықтырушылармен сабақтар ұйымдастырамыз. Сабақтар қаламыздың барлық саябағы мен шалғай аудандарды да қамтитын болады, - деді спорт басқармасының өкілі.  

Сабақтардың кестесін басқарманың әлеуметтік желідегі парақшаларынан (@sport_nursultan) және 55-75-61 байланыс нөмірінен білуге болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...