Астанадағы екі көшеде автобус қозғалысына шектеу қойылады

28 Ақпан 2019, 21:57
2219
Бөлісу:
Астанадағы екі көшеде автобус қозғалысына шектеу қойылады

Астана, BAQ.KZ. Қ. Сәтбаев және Балқантау көшелерінің қиылысында қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы жөндеу жұмыстарына байланысты өзгереді, деп хабарлады «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі.

«28 ақпан мен 1 наурыз аралығында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Қ. Сәтпаев – Балқантау көшелерінің қиылысында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көлік қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, №14 бағдар бастапқы аялдама нүктесі – «Теміржол вокзалынан» Қ. Сәтбаев көшесі мен Б. Момышұлы даңғылының қиылысына дейін өзгеріссіз қозғалып, одан әрі автобус оңға Б. Момышұлы даңғылына өтеді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Тәуелсіздік даңғылына, Тәуелсіздік даңғылынан солға бұрылып, Қошқарбаев көшесіне, Қошқарбаев көшесінен оңға бұрылып, Аманжолов көшесімен жүреді. Одан әрі автобус әдеттегі қозғалыс сызбасына сәйкес жүретін болады. Қоғамдық көлік кері бағытта да аталған сызбаға сәйкес қозғалады.


Өзгелердің жаңалығы