Астанада террористік тұрғыдан осал ғимараттар анықталды

18 Қазан 2020, 21:05
1486
Бөлісу:
Астанада террористік тұрғыдан осал ғимараттар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері 130-ға жуық нысан тексеріліп, кемшіліктерді жою үшін 40-тан астам ұйғарым енгізілген. 

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамайтын әртүрлі санаттағы 7 нысанның иелері ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай талаптарға заманауи күзет жабдықтарымен жабдықтау, өткізу режимін қамтамасыз ету, күзет фирмаларының қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізу жатады. 

Сондай-ақ, қызметкерлер бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілген нысандарды қайта тексеріп жүр. 

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан полицейлері тұрақты негізде ТТО нысан басшыларымен оқу-дәріс іс-шараларын өткізеді, сондай-ақ террористік қауіп туындаған жағдайда олардың іс-әрекеті бойынша жадынамалар табыс етілді.

Өзгелердің жаңалығы