Бас жаңалықтар
Астанада тегін дәрі-дәрмекке бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінген
15 Ақпан 2019, 22:59 429

Астанада тегін дәрі-дәрмекке бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінген

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік қамтамасыз ету арқылы республикалық бюджеттен 7,7 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Сонымен қатар, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің тізіміне кірмейтін сирек (жетім) кездесетін сырқаттары бар науқастарды арнайы мамандандырылған аспен және медициналық құралдармен қамтамасыз етуге арналған медициналық өнімдер тізбесін Астана қаласының мәслихаты бекітті. Осылайша, жергілікті бюджет есебінен 2018 жылы жалпы сомасы 550 млн теңгеге науқас жандар қамтамасыз етілді», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Астана қаласының емханаларында тіркелген сырқат жандар 47 диспансерлік нозология бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Дәрі-дәрмекті тегін беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бекіткен бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады.

Сізден жаңалық