Астанада тұрғын үйге мұқтаждар тізімі жаңартылуда

29 Қаңтар 2019, 19:47
2052
Бөлісу:
Астанада тұрғын үйге мұқтаждар тізімі жаңартылуда

Астана, BAQ.KZ. 28 қаңтардан бастап коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың құжаттарын жаңарту бойынша қабылдау басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо Тұрғын үй қорына сілтеме жасап.

«2019 жылдың 28 қаңтардан бастап коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардан құжаттарды жаңарту, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру басталды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, мемлекеттік бағдарламалар бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау Алматы ауданы, Р.Қошқарбаев даңғ., 39 үй (М.Жұмабаев көшесі жағынан кіру) мекенжайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы