Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды

19 Наурыз 2019, 11:20
2039
Бөлісу:
Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды

Астана, BAQ.KZ. Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды. Республикалық жарыстарға 88 спортшы қатысуда. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медаль үшін Алматы, Ақмола, Түркістан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының атлеттері бақ сынасады.

Жарысқа қатысушылар арасында-қазақстандық белгілі спортшылар Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша және басқалары бар.

"Осы чемпионатпен маусымды аяқтаймыз. Одан әрі бізде аздаған үзіліс болады, содан кейін жаңа маусымға дайындықты бастаймыз. Астанада мұз айдыны өте жақсы. Үздік сайыс көрсетуге тырысамыз", - деді Еркебұлан Шамуханов.

Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты 20 наурызда аяқталады.

 

Өзгелердің жаңалығы