Астанада үш тәулікте 250 жол ережесі бұзылған

5 Қаңтар 2019, 14:20
1989
Бөлісу:
Астанада үш тәулікте 250 жол ережесі бұзылған

Астана, baq.kz «Мас жүргізуші - қылмыскер» жедел алдын алу шарасы барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 250 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Астана қаласы ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

2-5 қаңтар аралығында Астана қаласы ПД-ның жергілікті полиция қызметі «Мас жүргізуші - қылмыскер» жедел алдын алу шарасын өткізуде. Алдын алу шарасы кезінде патрульдер мас күйінде көлік құралдарын басқарған адамдарды анықтау мақсатында аудандар, ойын-сауық аймағы және басқа да қоғамдық орындардың маңында ұйымдастырылды.

«Үш күн ішінде 250-ден астам жол қозғалысының бұзылуы анықталды. Оның ішінде 30 мас күйінде рөлге отырған жүргізушілер, 70-ке жуығы жол белгілері мен таңбаларын ескермеген, 100-ден астамы көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған, сондай-ақ 15-ке жуығы автокөлік құралдары құжаттарының болмауына қатысты», - делінген жергілікті полиция қызметінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы