Астанада полиция қызметкерлері аулаларды және пәтерлерді аралайды – қала әкімі

11 Қаңтар 2022, 09:05
937
Бөлісу:
Астанада полиция қызметкерлері аулаларды және пәтерлерді аралайды – қала әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада тәртіпті қадағалау мақсатында полиция қызметкерлері аулаларды және пәтерлерді аралайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

Қаламызда жағдай тұрақты. Дегенмен, құқық қорғау органдарының бәрі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Елорданың аумағында блокбекеттер орнатылды. Тәртіпті қадағалау мақсатымен полиция қызметкерлері аулаларды және пәтерлерді аралайды, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ әкім жазбасында коменданттық сағат уақытында тұрғындар сыртқа шықпау керек екенін ескертті.

Өздеріңіз білетіндей, қаламызға сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Полиция қаланы күзетеді. Бұл уақытта тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынады. Қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын, - деп жазады Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы