Астанада полимерлік люктер орнатылады

18 Наурыз 2019, 19:06
2200
Бөлісу:
Астанада полимерлік люктер орнатылады

Астана, BAQ.KZ. Жаңа коммуникация жобаларында композиттік материалдардан жасалған люктер орнату қарастырылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Полимерлік-құмды бұйымдар қауіпсіздік техникасы мен экологиялық нормаларды ескере отырып жасалады. Сондай-ақ қазіргі заманғы өнеркәсіптің барлық талаптарына сай келіп, желілерді төсеу кезінде жасырын коммуникацияларға қол жеткізуді оңай қамтамасыз етеді.

Мұндай люктер металл сынығы ретінде жарамсыз болып табылады, сондықтан оларды ұрлау фактілері барынша азайтылуы тиіс. Алайда, полимерлі-құмды люктер үлкен жүктемеге төтеп бере алмайды, сондықтан жаңа жобаларды іске асыру кезінде, олар тек қана көгалдар мен тротуарларда пайдаланылатын болады. Ашық люктер мәселесі әкімдіктің тұрақты бақылауында. Пайдаланушы ұйымдар күн сайын ашық құдықтарды анықтау және жабу шараларын атқарып, мониторинг орталығына түсетін өтінімдер төңірегінде жұмыс істейді.

Астана қаласының полиция департаменті люктерді ұрлаудың алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-рейдтік іс-шараларын өткізеді. Полиция органдары мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесіп, металл сынықтарын қабылдау пункттерін тексеру бойынша ауқымды іс-шаралар өткізуде.

Рұқсат беру құжаттамасы болмаған жағдайда, оларды жабуға барлық қажетті шаралар қабылданады. Қолданыстағы люктерде металл торлар орнатылады. Олар люктің қақпағы ұрланған жағдайда құдыққа адамдардың, жануарлардың, бөгде заттардың құлауынан қорғау құралы болып табылады. Бүгінгі таңда 9 мыңнан астам люк торлармен жабдықталған. Торлар қақпақтары жиі ұрланатын құдықтарға орнатылады. Металл торлар тереңдігі қауіп төндірмейтін құдықтарға орнатылмайды.  


Өзгелердің жаңалығы