Астанада пластик, қағаз және шыны қалдығын жинауға арналған торлы контейнерлер орнатылды

1 Шілде 2020, 01:33
1318
Бөлісу:
Астанада пластик, қағаз және шыны қалдығын жинауға арналған торлы контейнерлер орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада пластик, қағаз және шыны қалдықтарын жинауға арналған торлы контейнерлер орнатылды. Қазіргі уақытта осындай он бокс қойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа контейнерлер Нұр-Сұлтандағы аула алаңдарына орнатылды. Олар қайта өңдеуге жарайтын пластик, шыны, қағаз сияқты қалдықтарды жинауға арналғандығын айтты қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Алмаз Рысалиев.
Олар толықтай жанбайтын металлдан жасалған. Кішігірім қоқысты тастауға болатын арнайы қақпағы бар. Ал тор арқылы оның ішіндегі қалдықтарды көруге болады. Сыртында пластик, қағаз, шыны мен металл тастауға болатыны жазылған, - деді А.Рысалиев.

Бұл - пилоттық жоба. Сары түсті контейнерлерді өртеп, сондай-ақ, қоқысты сұрыптап тастамағаны үшін өртке төзімді торлы контейнерге көшу туралы шешім қабылданды. Елорда аумағында қазір 6 мыңнан астам сары контейнер орнатылды.

Еске сала кетейік, астанада қатты тұрмыстық қалдықты сұрыптап жинауды ұйымдастыру жобасы 2018 жылдың маусым айында басталды. Сары контейнерлер құрқақ қалдықты, яғни металл, пластик, қағаз бен шыныны салуға көзделген. Ал жасыл түсті және цинктелген контейнерлерге тамақ және органикалық қалдықтарды салу керек.

Өзгелердің жаңалығы