Астанада ортағасырлық шайқастан бұқаралық жекпе-жектер өтті

24 Ақпан 2019, 15:25
1496
Бөлісу:
Астанада ортағасырлық шайқастан бұқаралық жекпе-жектер өтті

Астана, BAQ.KZ. Әсерлі қойылымға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан сияқты елдердің «жауынгерлері» қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Демалыс күндері елорданың Ботаникалық бағында тарихи ортағасырлық шайқастан бұқаралық жекпе-жектер өтті. Бағдарламада қамал жиындар, көрсетілімдік жекпе-жектер, қар бекініске шабуыл жасау, сондай-ақ фотосессия бар. Жұмсақ қарумен айқасу шарасына азаматтар өз қалауымен қатыса алды.

«Шара мақсаты – өткенге саяхат жасау арқылы тарихи шайқастарды, бейбіт өмірге қол жеткізудің бағасын көрсету. Біз жастарды өз елінің тарихын ғана емес, өзге мемлекеттердің де тарихын оқуға, зерттеуге шақырғымыз келеді. Біз осы шараны насихаттап, оны тұрақты түрде өткізуді қалаймыз», – деді Есіл ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Омаров.

Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың аясында Есіл ауданы әкімінің аппараты мен «Temirtumen» клубы ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы