Астанада онлайн-жарыс өтеді

5 Желтоқсан 2020, 19:30
2032
Бөлісу:
Астанада онлайн-жарыс өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7-13 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда «Saryarqa Jugiru» онлайн-жарысы өтеді.

Спорттық іс-шараға тіркеу бүгін, 4 желтоқсанда басталды. Жарысқа www.jgr.kz веб-сайтында желтоқсанның 4-і мен 13-і аралығында онлайн тіркелуге болады. Тіркелу жынысына және жасына қарамастан барлығы үшін қолжетімді. Елорда әкімдігінің қолдауымен өтетін спорттық шара ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы, Нұр-Сұлтан жеңіл атлетика федерациясы.

Елорда әкімі, Нұр-Сұлтан жеңіл атлетика федерациясының президенті Алтай Көлгінов, Республикалық Федерацияның бірінші вице-президенті Эльдар Табанов және Республикалық федерацияның бас хатшысы Асхат Сейсембек «Saryarqa Jugiru» онлайн-жарысы, 2022 жылғы Азия чемпионатына дайындық және 2021 жылға арналған жұмыс жоспары мәселелерін талқылады.

Онлайн-жарыс бастамасы бұқаралық спортты дамытуға және пандемия кезінде азаматтардың салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, спортқа қарсы көрсетілімдері жоқ қатысушылар жарысқа жіберіледі.

«Saryarqa Jugiru» қашықтығы - 5 шақырым. Іс-шараға қатысушылар оны 7-13 желтоқсан аралығында өте алады. Қатысушылар 5 км маршрутты апта ішінде бірнеше рет кез-келген ыңғайлы уақытта жүгіре алады. Жеңімпазды анықтау үшін спортшының ең жақсы ұпайы қолданылады. Ең бастысы - тіркелу және қатысудың барлық шарттарын орындау.

Ол үшін Strava қосымшасында жүгіру көрсеткішін тіреу керек. Әрі қарай, нәтижелер тексеру процедурасынан соң www.jgr.kz сайтында жарияланады.

Сонымен қатар қатысудың маңызды шарттарының бірі - Instagram парақшаңызда жарыс туралы хабарлама жариялау және #saryarkamarathonchallenge іс-шара хэштегін, Нұр-Сұлтан жеңіл атлетика федерациясының @nsathleticskz, «Jugiru» платформасының @jgr.kz және Сарыарқа ауданы әкімдігінің @saryarka.akimat профильдерін, белгілеу.

Көктал-1 тұрғын алабының жаңа саябағында қашықтыққа жүгірген қатысушыларға арналған сыйлықтар:

1 орын - iPhone 12

2 орын - 126000

3 орын - 84000

Қаланың басқа бөліктерінде жүгірген және Қазақстан Республикасының басқа қалалары мен облыстарында, сондай-ақ республикадан тыс жерлерде тұратын қатысушыларға арналған сыйлықтар:

1 орын - 63000

2 орын - 42000

3 орын - 31500

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер мерейтойлық медальдармен және сертификаттармен марапатталады. Барлық егжей-тегжейлі ақпаратты jgr.kz ресми сайтынан алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы