Астанада қоғамдық кеңестердің II Республикалық мәжілісі өтуде

8 Ақпан 2019, 21:52
1937
Бөлісу:
Астанада қоғамдық кеңестердің II Республикалық мәжілісі өтуде

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің өткізуімен, Қазақстан Республикасы Азаматтық Альянсымен бірлесіп, қоғамдық кеңестің II Республикалық Мәжілісі жұмысын бастады. Бұл туралы Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжілістің өткізген мақсаты - оң тәжірибе алмасу және қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін механизмдермен бағыттарын айқындау.
Мәжілісінің жұмысы барысында қатысушылар қоғамдық кеңестер туралы заң жобасының негізгі ережелерін, олардың қызметін бағалау жүйесін қалыптастыру мәселесін және олардың одан әрі дамыту перспективаларын қарады.
Республикалық мәжіліс қоғамдық тыңдауларға, мониторингке және қоғамдық сараптама, мониторинг өткізу, сондай-ақ қоғамдық кеңестерге қатыстыру арқылы, азаматтарды талқылауға және шешімдер қабылдауға тарту бойынша, панельдік пікірталастар мен оқыту семинарларын жалғастырды.
Іс-шараға қоғамдық кеңестер өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, ҮЕҰ, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты, олардың жалпы саны 300-ден астам.
Іс-шара нәтижесінде, қоғамдық кеңестердің қоғамдық кеңестерге қызметін одан әрі жетілдіру бойынша, қатысушылардың ұсынымдары дерлік нақты шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық кеңестер – мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогтың нысаны ретінде 2016 жылы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын іске асыру шеңберінде құрылған болатын.
Бұл, мемлекеттік емес институттар – мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың ашықтығын арттыруға бағытталған консультативтік-кеңесші, қадағалау органдары болып табылады.
Қазақстанда республикалық және жергілікті деңгейде 229 қоғамдық кеңес бар (республикалық деңгейде - 16, облыстық деңгейде - 213). Қоғамдық кеңестердің жұмысына 3907 адам қатысады.
Қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 12 мыңнан астам нормативтік-құқықтық акті жобасын қарады. Мемлекттік қызметтер сапасы, және т.б. мәселелер бойынша 1069 қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды, 213 түрлі деңгейдегі әкімдер, 16 орталық және 1300-ден астам жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы тыңдалды.
Өзгелердің жаңалығы