Астанада «Ұлыстың ұлы күні» мерекелік жобасы ұйымдастырылуда

26 Ақпан 2019, 19:37
1754
Бөлісу:
Астанада «Ұлыстың ұлы күні» мерекелік жобасы ұйымдастырылуда

Астана, BAQ.KZ. «QAZAQCONCERT» мемлекеттік концерттік ұйымы мен «Хабар» агенттігі «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шара ұйымдастыруда.

Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында өтетін «Ұлыстың ұлы күні» жобасының шеңберінде көрермендер ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындардың театрландырылған көрінісін, ақындар айтысын, халық әуендеріне құрылған ән шашу мен күй тартыс сынды ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін тамашалай алады. Бұл күні «Қазақстан» концерт залының үлкен сахнасы мен фойесінің декорациялары ерекше сән-салтанатпен безендірілген киіз үй үлгісінде ұсынылады.

Мерекелік шараға, елімізге белгілі дәстүрлі және эстрада әншілері қатысатын болады.

«Ұлыстың ұлы күні» еліміздегі теңдессіз концерт болғалы тұр. Себебі, бір сахнада алдыңғы буынның өнер майталмандары мен жас әншілер қатар өнер көрсететін болады. Бұған қоса, концертте «Астана мюзикл» мемлекеттік театры үздік мюзиклдердің үзінділерін ұсынады. Сонымен қатар, көрермен сүйіп тыңдайтын халық әндері, заманауи сазды әуендер жанды дауыста «Астана сазы» және «Saz&soul» ұжымдарының сүйемелдеуімен орындалмақ. Отандық эстрада жұлдыздарының жаңа образдары және күтпеген дуэттер ерекше әрі естен кетпес әсер қалдырады», дейді ұйымдастырушылар.

Өзгелердің жаңалығы