Бас жаңалықтар
Астанада құдықтарды толық түгендеу жұмыстары жүргізілуде
01 Сәуiр 2019, 10:50 704

Астанада құдықтарды толық түгендеу жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жобаланатын жобаларда міндетті түрде полимерлік материалдан жасалған люктер орнатылатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ашық люктер мәселесі қала әкімдігінің тұрақты бақылауында: пайдаланушы ұйымдар өтінімдерге байланысты күн сайын ашық құдықтарды анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күні барлық өтінімдер құдық жабатын мекемелермен пысықталды.

Кәріз құдықтарының ашық қалмауы үшін және апаттың алдын алу үшін әкімдік келесі жұмыстарды атқаруда: құдықтарды толық түгендеу жүргізіледі, жобаланатын жобаларда полимерлік материалдан жасалған люктерді орнату қарастырылады.

Сонымен қатар, қолданыстағы құдықтарға темір тор орнатылуда, ол егер құдық қақпағын ұрлап кетсе де адамның, жан-жануардың, тағы басқалардың құдық ішіне түсіп кетуінен сақтайды.

Қазіргі күні темір тор 11 мыңнан астам құдыққа орнатылған.

Сондай-ақ, баланста құдықтары бар мекемелер құдықтарды жабу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

28 наурыздағы жағдай бойынша барлық аудандарда 11 538 дәнекерленген торлар орнатылған, соның ішінде «Астана-АЭК» АҚ - 246, «Астана-Теплотранзит» АҚ - 8 121, «Астана су арнасы» - 807 дана қорғағыш торлар орнатқан.

Қалалық полиция департаменті құдық қақпақтарын ұрлаудың алдын алу бойынша үнемі жедел-рейдтік іс-шаралар, ескерту және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Полицейлер мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесіп металл сынықтарын қабылдайтын орындарда тексеру бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізеді.

Тұрғындармен есептік кездесу барысында қала әкімі Бақыт Сұлтанов құдық қақпақтарын ұрлау «астананың ауруы» деген болатын. Оның сөзінше, өткен жылдың күзінен бастап коммуналдық сала қызметкерлері мыңдаған ашық құдықтарды анықтаған. 

Адамдардың қауіпсіздігі және қайғылы жағдайды болдырмау үшін қала әкімі құдықтарды үнемі тексеріп, оларға темір торлар орнатуды тапсырған болатын. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық