Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды

19 Ақпан 2019, 09:45
3691
Бөлісу:
Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды
PHOTO

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада ашылған Хирургия және флебология орталығында варикозды ауруды заманауи әдіспен диагностика жасайды және емдейді. Әйелдер арасында бұл дерт түрі ер адамдарға қарағанда үш есе жоғары болады.

Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды

«Аяқтағы қан тамырларына байланысты дертке шалдыққан адамдар өте көп. Егде жастағы адамдардың 50-70 пайызы осындай дерт түрлеріне шалдыққан. Әсіресе қантамырлары аяғының сыртына «шығып» тұратын әйелдер қоғамдық орындарда өздерін жайсыз сезінеді. Сол себепті дәрігер көмегіне жүгініп, заманауи медициналық технологияның көмегімен аяқтарын емдетеді», - дейді Қазақстан қантамыр және флебология ассоциациясы президенті, профессор Тоқан Сұлтанәлиев.

Жаңадан ашылған орталықта қан тамырлары хирургі, яғни флебологтан кеңес алуға болады, сондай-ақ аяқ қантамырларын УЗИ-ге түсіреді. Бұл жерде варикоз ауруын лазер және радиожиіліктік абляция, склеротерапия, компрессиялы терапия, лимфалық дренаж әдісімен емдейді.

Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды

«Орталықтың медициналық директоры Руслан Маратұлы – Қазақстан бойынша қантамыр мамандығы бойынша ең алғашқы резидент. Төрт жыл бойы бізден білім алды. Қырғызстанға барып, осы технологияны ол жаққа да енгізіп қайтты. Бастаған ісіне береке тілеймін, жұмысы алға бассын», - деді Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан профессор Тоқан Анарбекұлы.

Хирургия және флебология орталығының медициналық директоры Руслан Дюсембаев резидентураны бітіргеннен кейін осы бағыт бойынша білімін жетілдіру үшін Белоруссия, Латвия елдеріне барып оқып, еліміздің оңтүстік өңірінде жұмыс жасаған.

Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды

«Осы әдістерді елордамызға жаңаша бағытта, яғни еуропалық стандарттарға сәйкестендіре келе енгізу туралы ой сол кезде туындады. Бұл әдіс еліміздің өңірлерінде бірен-сараң жерде қолданылады, ең алғаш Алматы қаласында енгізілген, бірақ жаңартылған түрі Астана қаласында алғаш ашылып отыр. Бұл жерде варикоз дертін заманауи медициналық технологиялармен емдейміз. Науқастар бұрынғыдай ауруханада жатпай, ешқандай жалпы немесе белге берілетін, яғни жұлынға берілетін жансыздандырусыз жасалады. Бұл әдістің артықшылығы – операцияның басынан аяғына дейін тек ультрадыбыстық аппараттың қолдауымен еш тіліксіз жасалады. Емін алған соң эластикалық шұлықтарын киіп, үйіне қайта береді. Ота уақыты орташа 30 минут пен 1 сағат аралығында жасалады», - дейді ол.

Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды

Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды

Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды

Астанада Хирургия және флебология орталығы ашылды

Зарина Әбілмәжінова

Фото: автор

Өзгелердің жаңалығы