Бас жаңалықтар
Астанада химиялық заттарды басқару жөніндегі Жол картасын әзірлеу мәселесі талқыланды
09 Ақпан 2019, 14:25 662

Астанада химиялық заттарды басқару жөніндегі Жол картасын әзірлеу мәселесі талқыланды

Астана, BAQ.KZ. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Еуропа мен Кавказдың жекелеген елдерінде химиялық заттарды тиімді басқару үшін ұлттық жүйелердің негізгі элементтерін құру мәселелері талқыланды.

Жиынға ЮНИДО, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы, Энергетика министрліктерінің, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің, Технология және бизнес университетінің, «Жасыл даму» АҚ және т.б. өкілдері қатысты.

ҚДСҰО директорының орынбасары Руслан Сатывалдиев жобаның міндеттеріне және оны іске асыру бойынша Министрліктер арасындағы функцияларды бөлу мәселелеріне тоқталды. Ол жобаның мақсаты «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО Техникалық регламентін енгізу бойынша еліміздің алдында тұрған міндетпен сәйкес келетінін айтты, оның кіру мерзімі 2021 жылғы маусымнан бастап белгіленген.

«Жобаның серіктестері – Беларусь Республикасы мен Грузия Республикасы», - деді Руслан Сатывалдиев.

Жиын барысында химиялық заттардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру; химиялық заттарды басқару жөніндегі Жол картасын әзірлеуге қатысу; химикаттарды басқару бойынша техникалық, әкімшілік, адами және қаржылық қажеттіліктерге бағалау жүргізу; химиялық заттарды реттеу үшін қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қоршаған орта факторларының халық денсаулығына теріс әсер ету қаупіне бағалау жүргізу және т.б. бойынша ұсыныстар дайындау жөнінде ҚР министрліктері мен ведомстволарының алдында тұрған міндеттер анықталды.

«3 жыл бойы барлық мүдделі мемлекеттік органдар, ұйымдар үйлесімді жұмыс істеуі қажет, өйткені әріптестік қарым-қатынасынсыз біздің алдымызға ДДСҰ мен ЕАЭО қойған мақсаттарға жету мүмкін емес», - деп атап өтті ҚДСҰО директорының орынбасары.

Сізден жаңалық