Астанада «Қазақмыс» ғимараты өртке оранды

21 Қыркүйек 2021, 18:52
6066
Бөлісу:
Астанада «Қазақмыс» ғимараты өртке оранды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Қазақмыс» ғимараты өртеніп жатыр.

Ол сол жағалауда Тұран даңғылы бойында орналасқан.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі өртке қатысты алдын ала ақпарат таратты.

Сағат 18:33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасы құрамында жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жануда. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.



Өзгелердің жаңалығы