Астанада карантин талаптарын бұзатындар көп

29 Қыркүйек 2020, 08:59
1046
Бөлісу:
Астанада карантин талаптарын бұзатындар көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік субъектілер саны азаймай тұр. Бұл туралы  қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін полицейлер, эпидемиологтар және аудандық әкімдіктер өкілдерінен құралған мобильді топтардың жұмысы жалғасуда.

Сонымен, демалыс күндері кезекті рейд барысында тексерушілер жұмыс істеп тұрған "ZIMA" барын анықтады. Мекеме әкімшілігі мен қызмет көрсету қызметкерлері кеш уақыт пен шектеу шараларына қарамастан келушілерді қабылдауды жалғастырған. Бұл мекемеде спирттік ішімдіктер беріліп, би алаңы жұмыс істеді.

Рейдтік топ анықтаған бұзушылық дерек бойынша барға 18 келуші ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша, түнгі уақытта тыныштықты бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бар әкімшісі заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіп иесіне қатысты жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Жалпы алғанда, тәртіп сақшылары демалыс күндері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған 21 дерек анықтады.

Өзгелердің жаңалығы