Астанада күн жылынады

29 Қаңтар 2019, 21:15
2206
Бөлісу:
Астанада күн жылынады

Астана, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжамы бойынша қаңтар айының соңғы күндері ауа райы жылынады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 30 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт шығып, ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -17...-19°С, күндіз -8...-10°С болады.

31 қаңтарда көшпелі бұлт шығып, аздап қар жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -15...-17°С, күндіз -12...-14°С болмақ.

1 ақпанда Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан екпіні 9-14 м/с дейін жететін жел соғады. Сынап бағанасы түнде -26...-28°С, күндіз -18...-20°С көрсетеді.

 

Өзгелердің жаңалығы