Астанада қазақ тілін тегін оқытатын курстарына жазылу басталды

14 Қаңтар 2019, 21:25
2415
Бөлісу:
Астанада қазақ тілін тегін оқытатын курстарына жазылу басталды

Астана, baq.kz. Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылы елордалық тұрғындарға қазақ тілін қарапайым деңгейден жоғары деңгейге дейін тегін оқыту курсын бастайды. Аталмыш курстарға елорданың кез келген тұрғыны жазыла алады, деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Тыңдармандар қазақ тілін күнделікті тұрмыстық кәсіби салаларда қолдану үшін қарапайым және базалық деңгейлер (А-1, А-2) көлемінде, өз бетінше пайдалана алуы үшін орта және ортадан жоғары деңгейлер (В-1, В-2) көлемінде, коммуникативтік әдістеменің негізгі ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері негізінде құзыретті түрде қолдануы үшін жоғары деңгей (С-1) көлемінде меңгере алады. «Руханият» орталығының оқытушыларыкурсқа қатысушылардың мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақ тілінде еркін әрі сауатты жазуына және сөйлеуіне ықпал етеді», - делінген тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының хабарламасында.

Ведомствода мәлімдегендей, қазақ тілін меңгеруге арналған тегін курстар 2019 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында қаланынң төрт ауданындағы оқу залдарында оқытылатын болады. Курс барысында тыңдаушылар қажетті оқу құралдарымен қамтылады.

Курсқа жазылу және өзге де сұрақтар бойынша +7 (7172)77-93-37 байланыс нөміріне хабарласуға немесе ryhaniat@gmail.com электрондық поштасына хабарлама жолдауға болады.

Өзгелердің жаңалығы