Бас жаңалықтар
Астанада Қазақстан мен Мысыр бизнесмендерінің форумы өтті
06 Наурыз 2019, 15:17 156

Астанада Қазақстан мен Мысыр бизнесмендерінің форумы өтті

Астана, BAQ.KZ. Мысыр Араб Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Ахмед Таха Борайе бастаған бизнес-делегация Қазақстанға жұмыс сапармен келді. Мысыр тарапы Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда және еліміздің бизнес және іскер топтарының өкілдерімен кездесуге мүдделі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында қазақстандық компаниялар менеджментінің қатысуымен бизнес-форум, мысырлық делегацияның бірқатар министрлік пен ведомстволардың Астана қаласы әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП, «KIT» бизнес қауымдастығының басшылығымен кездесулер өтті.

«Форум барысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Биримжан Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары мен жағдайларын талқылау барысында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін бірыңғай келіссөзші рөлін «Kazakh Invest» ҰК» АҚ атқарады», - делінген хабарламада.

Компания инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойынша өзара әрекет етіп, инвестициялық жобаларды идеядан бастап, оның іске асырылғанына дейін сүйемелдеу қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, компания заңды тұлғаны тіркеу, инвестициялық жобаларды іске асыру және әрі қарай пайдалану үшін қажетті құжаттарды алуға, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен қолдануға жәрдемдеседі. Сонымен бірге, «Kazakh Invest» Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары бойынша бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде қызмет етеді.

«Қазақстан мен Мысыр арасындағы сауда-экономикалық салада тығыз ынтымақтастық орнатылған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мысыр арасындағы тауар айналымы 83,9 млн АҚШ долларын құрады. Экспорт құрамында басымды өлшемде мұнай және мұнай өнімдері, металл өнімдері, зығыр тұқымдары және т.б. Импорт құрамында – хош иісті заттар, химиялық өндіріс тауарлары, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібінің бұйымдары басым етеді. Сонымен бірге, екі жақтың инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту және күшейту үшін үлкен әлеуеті бар», - деп хабарлады министрлікте.

Сізден жаңалық