Бас жаңалықтар
Астанада «Арқайым – қалалар елі» халықаралық көрмесі ашылды
11 Қаңтар 2019, 19:13 312

Астанада «Арқайым – қалалар елі» халықаралық көрмесі ашылды

Астана, baq.kz. Ұлттық музейде «Арқайым – қалалар елі: Кеңістік пен бейнелер» атты халықаралық фотокөрме ашылды. Шара 2019 жылғы 11 ақпанға дейін жалғасады.

Көрме қола дәуірінің күллі әлемге танымал архелогиялық ескерткішінің ашылуының 30 жылдығына, «Сынташты» мәдени-тарихи кешенінің зерттеле бастауының 45 жылдығына және әлемге қалалар елін ашқан археолог, профессор Г.Б.Здановичтің 80 жылдығын тойлау аясында өткізіліп отыр.

Арқайым - ежелгі адамзат өркениетінің бір бөлігі, РФ Челябі облысының оңтүстігінде орналасқан қола ғасырындағы бекіністі қоныс. Оны шын мәніндегі әлемге кеңінен танымал, ең маңызды мәдени мұралардың археологиялық нысаны деп атауға болады.

«Қола дәуірінің ескерткіші 1987 жылы табылған болатын. Арқайымда кең ауқымды қазба жұмыстары 1991 жылы Геннадий Здвновичтің басшылығымен жүргізілген. Қазба жұмыстары барысында ескерткіш қола дәуірінің бекем бекінісі болып шықты. Бұл фотокөрмеде аталмыш ескерткіштің суреттері қойылған», - дейді ҚР Ұлттық музей директоры міндетін атқарушы Абай Сатыбалдин.

«Арқайым – қалалар елі: Кеңістік пен бейнелер» атты халықаралық көрмесі ғалымдар, археологтар, тарихшылар үшін ғана емес, сонымен қатар адамзат тарихына қызығушылық танытып зерттейтіндер үшін аса қызықты. Арқайым - археологиялық, сәулеттік, тарихи ескерткіш қана емес, ол сол сияқты әлемнің көптеген елдерінің археологтары 150 жылдан астам уақыт бойы іздеген «арийлік заттай кешенмен» таныстыратын ашық аспан астындағы музей.

Фотокөрме стендттерінде «Қалалар елі» ескерткіштерінің географиялық орналасуы, бекіністі және бекініссіз қоныстардың аэрофото түсірілімдерінің мағынасын ашатын материалдар, әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі археологиялық қазба жұмыстарының фотолары, сол сияқты тірі табиғат пен 10 шақты бекіністі қоныстың бүгінгі дала күйінің авторлық фотосуреттері берілген.






фото: Нұржас Жақсыбай

Загрузка...

Сізден жаңалық