Астанада алғашқы балалар және жасөспірімдер олимпиялық фестивалі өтеді

21 Қараша 2019, 07:33
2613
Бөлісу:
Астанада алғашқы балалар және жасөспірімдер олимпиялық фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 қараша күні "Алау" мұз айдыны кешенінде алғашқы қысқы балалар және жасөспірімдер олимпиялық фестивалінің салтанатты ашылуы болады. 

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, жарысқа еліміздің барлық өңірінен 700-ден аса бала қатысады. 

Фестиваль ұйымдастырушысы – қазақстандық танымал спортшы, биатлон спорт түрі бойынша Ванкувер олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева. 

Республикалық спорт күнтізбесіне енген фестиваль 21 қарашадан 27 желтоқсанға дейінгі аралықта өтеді. Жарыста конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарысы, биатлон және фристайл спорт түрлері бойынша 12 жастан жоғары жастағы балалар сынға түседі.


Өзгелердің жаңалығы