Бас жаңалықтар
Астанада 37 МЖС жобасы жүзеге асырылады
09 Қаңтар 2019, 22:51 289

Астанада 37 МЖС жобасы жүзеге асырылады

Астана, baq.kz. МЖС жобаларын жүзеге асыру қызмет сапасын арттырып, қалалық бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов 2018 жылдың қорытындысы мен 2019 жылдың жоспарларына арналған кеңейтілген аппараттық кеңесте  айтты, деп хабаралайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Жергілікті бюджетті жеңілдетуге келер болсақ, біз күрделі шығындардан операциялық шығындарға көштік. Атап айтқанда, қызметтерді орындау сапасын және бюджетті үнемдеуді (қызметтер құнын төмендету есебінен) арттыруы тиіс сервистік келісімшарттарды белсенді пайдаланамыз. Осыған байланысты 37 МЖС жобасының тізбесі құрылды (2018-2019 жылдары жүзеге асыру мерзімімен)», – деді Бақыт Сұлтанов.

Бүгінгі таңда «Астана қаласының ақылы көлік тұрағы кеңістігін құру, пайдалану және басқару» МЖС жобасы, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған параолимпиялық жаттығу орталығы мен «Тарлан» мұз аренасын пайдалану бойынша шартқа қол қойылды.
Загрузка...

Сізден жаңалық