"Астана" футболшысы клубтан кететінін растады

14 Қаңтар 2019, 09:59
2083
Бөлісу:
"Астана" футболшысы клубтан кететінін растады

Астана. baq.kz. "Астана" футбол клубының ойыншысы бразилиялық Педро Энрике клубтан кететіні жөнінде шыққан қауесетке пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Бірнеше елдің ақпарат құралдары "Астана" сапына жазда ғана қосылған бразилиялық Педро Энрикенің жақын уақытта Қазақстан чемпионаты сапынан кетуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Олардың айтуынша, футболшы әзербайжандық "Қарабахқа", не грекиялық ПАОК-қа ауысуы мүмкін. 

Футболшының өзі "Астана" құрамында соңғы айларын өткізіп жатқанын айтты. 

"ПАОК-қа барамын ба деп ойлап отырмын. Қазір демалыстамын. Жағдайдың 100% анық болғанын күтіп отырмын. Осы айларды "Астанада" өткізгеніме қуаныштымын", - деді Педро Энрике.

28 жастағы Педро Энрике "Астана" сапында ҚПЛ-да 8 матч, Еуропа Лигасында 11 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Өзгелердің жаңалығы