Астана әуежайына баратын жол жыл аяғына дейін жабылады

5 Ақпан 2019, 21:51
2310
Бөлісу:
Астана әуежайына баратын жол жыл аяғына дейін жабылады

Астана, BAQ.KZ. Астана әуежайына баратын жол жыл соңына дейін жабылатын болды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жақында «Астана - ЛРТ жаңа көлік жүйесі» жобасын жүзеге асыру үшін №229 (Оңтүстік айналымы) - Қабанбай батыр даңғылы көшелерінің қиылысындағы жол айырығының құрылысы басталады. Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылының Арнасай көшесінен бастап әуежай терминалының бұрылысына дейінгі бөлігі биылғы жылдың 8-ші ақпанынан бастап, жабылады»,-делінген хабарламада. 

Қозғалыс уақытша жол арқылы жүзеге асырылады және жабылған жол бөлігін айналып өтетіндей етіп жасалады. 

Астана әуежайына баратын жол жыл аяғына дейін жабылады

Сонымен қатар уақытша жол бойына арнайы белгілер қойлады. Астананың Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын аталған аймақтан өткенде мұқият болып, уақытша жолмен тек арнайы белгілердің ғана көмегімен жүруге кеңес береді. Аталған жол бөлігінде жылдамдық 40 км/сағ-ға дейін шектелген.

Өзгелердің жаңалығы