Бас жаңалықтар
Астаналық жастар қариялардың ауласын тазалады
04 Наурыз 2019, 19:43 266

Астаналық жастар қариялардың ауласын тазалады

Астана, BAQ.KZ. Қайырымдылық акциясына шамамен 70 ерікті қатысты. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Астана жастары» ресурстық орталығының бастамасымен жыл сайын елорданың мыңнан астам оқушысы мен студенттері аға буын өкілдеріне аулаларды абаттандыру және үй маңындағы аумақты қардан тазарту бойынша көмекті ерікті түрде көрсетеді. Қайырымдылық акциясының аясында жастар Астананың Сарыарқа ауданы аумағына қарасты 7 мекенжайға барды. 

70-ке тарта ерікті Қарталы, Тайсойған, медеу көшелерінде орналасқан жеті үйдің ауласын тазартты. Еріктілердің айтуына қарағанда, мұндай акциялар игі шараларды жасауға, қарияларға деген құрмет сезімін нығайтуға ынталандырады. 

«Егер сізде жоғарыда аталған көмекке мұқтаж азаматтардың мекенжайлары туралы ақпарат бар болса, бізге келесі байланыс құралдары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: Instagram – astana_jastary. Call-center – 2019. E-mail - kgu.astanajastary@mail.r»", – делінген «Астана жастары» орталығының хабарламасында.

Сізден жаңалық