Астанада өзін-өзі жарып жібермек болған жігіттің талабы қаралады - ІІМ

20 Ақпан 2019, 16:19
3610
Бөлісу:
Астанада өзін-өзі жарып жібермек болған жігіттің талабы қаралады - ІІМ

Астана, BAQ.KZ. «Қазмедиа орталығының» алдында «газ баллонын жарамын» деп қорқытқан жігіттің әрекеті - қоғамдық тәртіпті бұзу. Астанадағы тосын оқиғаға қатысты ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз осылай деді.

«Полиция қызметкерлері барлық сақтық шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта ер адамның барлық талаптары тыңдалуда. Толығырақ ақпарат мән-жай анықталғаннан кейін белгілі болады. Қазіргі уақытта ер адамның іс-әрекеті - қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланып отыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін ер адамды Есіл ауданының полиция басқармасына алып кетті», - дейді Нұрділдә Ораз. 

ҚазАқпарат ХАА-ның жазуына қарағанда, оқиға болған жерде полиция және өзге де жедел қызметтердің қызметкерлері тексерген. Жағдай бақылауда. 

Нұрділдә Ораз айтып өткендей, біршама уақыттан кейін ведомство ер адамның нені талап еткені туралы толығырақ ақпарат тарататын болады. 

Өзгелердің жаңалығы