Астана әуежайында алғаш рет электронды отырғызу талоны енгізілді

14 Ақпан 2019, 12:48
1525
Бөлісу:
Астана әуежайында алғаш рет электронды отырғызу талоны енгізілді

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Т1 және Т2 терминалдарында «ePassenger» бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа жүйе мобильді отырғызу талонын қолданатын жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған. Атап өтерлігі, аталған технология қазірде әлемнің ірі әуежайларда қолданысқа енгізілген. Қызмет көрсету жүйесіне сәйкес, электронды отырғызу талоны бар жолаушылар осы құжат бойынша ұшу алдындағы тексеруден өтеді.

Енді жолаушылардың электронды тасымалдаушы құрал экранындағы отырғызу талонын сканерлеу арқылы тексеруден өту мүмкіндігі бар. Бұл смартфон немесе планшет болуы мүмкін. Қағаз көшірмесі қажет емес.     

Бұл жағдайда қол жүгі бар жолаушы ұшақ рейісіне компьютер немесе мобильді құрылғы арқылы тіркеліп, ал арнайы 2D баркоды бар отырғызу талоны жолаушыға электронды почта арқылы жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын рейске тіркелу кезінде жолаушы отырғызу талонын алып, онымен стерильдік аймаққа кірерде арнайы тексеруден өтіп, ұшаққа осы талонын көрсеткеннен кейін отыратын. Бұл ретте жолаушы отырғызу талонын өзі басып шығарып немесе оны әуе компаниясының тіркеу орнынан алатын.

Осылайша, елорда әуежайындағы аталған қызмет көрсету процесі жолаушылардың рейске тіркелуін айтарлықтай жеңілдетіп, уақыттарын үнемдейді.

Өзгелердің жаңалығы