4 азаматтың өлімі: «Астана Су Арнасының» лауазымды тұлғалары қамауға алынды

14 Маусым 2019, 11:20
2297
Бөлісу:
4 азаматтың өлімі: «Астана Су Арнасының» лауазымды тұлғалары қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 азаматтың өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғаға қатысы бар деген «Астана Су Арнасы» мекемесінің лауазымды тұлғалары қамауға алынды, деп хабарлады Елорда Инфо.

«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті 23 мамырда екі немесе одан да көп адамның қайтыс болуына әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу барысында бірқатар сараптама мен арнайы тексеру жұмыстары жүргізілді. Куәгерлерден жауап алынды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында «Астана Су Арнасы» мекемесінің лауазымды тұлғаларының кінәсі анықталды.  Осы жылдың 13 маусымында аталған факті бойынша Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына «Астана Су Арнасы» мекемесінің екі жетекшісі В. және М. қамалды», - деді  Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғазиз Нұрқаев. 

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 23 мамыр күні «Астана су арнасының» 4 қызметкері сорғылық станциясы кәрізінің резервуарында демонтаждау жұмысын атқару кезінде көз жұмған болатын. Одан бөлек, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді. 

Осы оқиғаға байланысты Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Өзгелердің жаңалығы