Бас жаңалықтар
«Астана Су Арнасы» ұжымы КВИ-ге қарсы вакцинациядан өтіп жатыр
21 Шілде 2021, 21:36 112

«Астана Су Арнасы» ұжымы КВИ-ге қарсы вакцинациядан өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау қарқын алып келеді. «Астана су арнасы» МКК қызметкерлері екпе қабылдап, қала тұрғындарын вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл кәсіпорында 1921 қызметкер жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі КВИ-ге қарсы екпе алды.


Кәсіпорын қызметкерлерінің 813-і вакцинаның бірінші компонентін, 758-і екінші компоненті қабылдады. Осы жылдың 21 шілдесіндегі жағдай бойынша вакцинацияланған қызметкерлердің саны 1588 адамды құрайды. Ал 333 қызметкер дәрігердің рұқсаты бойынша екпе алған жоқ. Дәрігердің рұқсаты кәріз және кәріз тазарту қызметінің мамандарында бар. Сондай-ақ 3 ай аралығында короновируспен ауырып жазылған және уақытша рұқсаты бар қызметкерлер, сол сияқты созылмалы ауруы және тұрақты дәрігерлік рұқсаты бар жұмысшылар екпе қабылдаған жоқ. Вакцина алған қызметкерлердің бәрінің жағдайы жақсы, ешкімде ауырсыну, асқыну сияқты кері әсері болған жоқ, — деді «Астана су арнасы» МКК баспасөз хатшысы Назгүл Сыздықова.
Кәсіпорын қызметкерлері вакцинацияның маңыздылығын атап өтіп, жұртты денсаулығын сақтау үшін иммунизациядан өтуге шақырды.


«Астана су арнасында» қызмет еткеніме 5 жылдан асты. Бүгін вакцинаның екінші компонентін алып отырмын. Вакциналар арасында «Спутник V» екпесін алдым. Екі компонентте де дене қызуы, бас ауыру секілді жанама әсерлері болған жоқ. Өзімді өте жақсы сезіндім. Вакцина қабылдағаннан кейін де маска режимін сақтап, қауіпсіздік ережесіне бағынамын. Сонымен қатар еліміздің барлық тұрғынын вакцина алуға шақырамын, — деді «Астана су арнасы» МКК бақылаушысы Әсемгүл Жүнісова.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сай елде коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алғандар саны 4 млн 965 мыңнан асты. Ал екпенің алғашқы компонентін 2 млн 907 мыңнан аса адам салдырды.



Фото: дереккөз
Загрузка...