Астанада стандарттау бойынша Халықаралық семинар өтті

27 Ақпан 2019, 13:50
2630
Бөлісу:
Астанада стандарттау бойынша Халықаралық семинар өтті

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордада стандарттау бойынша Халықаралық семинар өтіп, бірыңғай алаңда стандарттау проблемалары талқыланды. 

Семинарда Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты Ресей мен ТМД елдерінің аумағында шетелдік және ресми дистрибьютер болып табылатын ресейлік «Нормдокс» компаниясымен бірлесіп, ұлттық стандарттауға сай мәселелерді қозғады. Кездесу барысы заманауи мамандарды дайындауға бағытталған. Оқытуға еліміздің экономика саласындағы азаматтары қатысты. Олар авторлық құқық, шетелдік стандарттар мен жұмыс істеу заңдылығын қамтамасыз ету бойынша өзекті тақырыптарды талдап, еуропалық және америкалық стандарттау жүйесімен танысты.

«Стандарттау – бұл экономиканың дамуына ықпал ететін, елдердің индустриялық саясатын айқындайтын, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын және инновацияны дамытуға ықпал ететін өнімдердің сапасын реттеудің маңызды құралы», - деп атап өтті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның Бас директоры Қайрат Кәрібжанов. 

Астанада стандарттау бойынша Халықаралық семинар өтті

«Қазақстанға келіп «КазИнСт» компаниясымен бірігіп жұмыс істеп жатқанымызға қуаныштымын. Бұл екі елді де экономикалық табысқа әкелетініне сенемін", - дейді «Нормдокс» компаниясының директоры Станислав Ким.

Астанада стандарттау бойынша Халықаралық семинар өтті

"Стандарттау туралы" ҚР Заңының күшіне енуі қарсаңында халықаралық стандарттарды тиімді қолдануды ASTM, ASME, API сияқты ірі компаниялар өз қолдарына алды. Сондай-ақ, ақпараттық технологияларға және стандарттау  үдерістері мен менеджмент жүйелерін автоматтандыру жолдары қарастырылды.

Семинар аясында келесі стандарттау жөніндегі өкілдер баяндама жасады: NBBI техникалық мәселелер жөніндегі атқарушы директордың көмекшісі – Gary Scribner, Еуразиядағы ASTM International жобаларының менеджері – Arseniy Korniliev, DNV GL Kazakhstan жобаларын басқарушысы – Мақсат Тілешев, «ҚазСтИн» РМК-ның Бас директордың орынбасары – Еркежан Әмірханова және «Нормдокс» компаниясының өкілдері.

Аягөз Абылқызы, фото автордыкі

Өзгелердің жаңалығы