"Астана" шабандозы "Польша туры" кезеңінде 2-орын алды

9 Тамыз 2020, 22:51
1521
Бөлісу:
"Астана" шабандозы "Польша туры" кезеңінде 2-орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Велоспорттан "Польша турында" маңызды таулы кезең артта қалды. Бұл сында "Астана" капитаны Якоб Фульсанг екінші орын иеленді. Ол турдың жаңа көшбасшысы Ремко Эвенепулға ғана жол берді. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады. 


Фульсанг қарсыласын қуып жету үшін бар күшін салғанымен, мәре сызығын екінші болып кесті. Ол жеңімпаздан бір жарым минут кеш келген.
Екінші орын алғаныма ризамын. Бұл кезеңде жеңіске жеткім келген. Бірақ Ремко шабуылдаған кезде топта ешкім бірлесе жұмыс атқарған жоқ. Жалғыз өзіме шабуылға тосқауыл қою қиынға соқты. Польшадағы турнирден соң да бірнеше жарыс күтіп, кейін аздаған үзіліс аламын, - дейді Якоб. 

Жалпы есепте Ремко Эвенепул алда келеді. Якоб Фульсанг екінші орында.

Өзгелердің жаңалығы