«Астана про тим» Вуэльта Испания веложарысына қатысады

17 Қазан 2020, 07:38
1639
Бөлісу:
«Астана про тим» Вуэльта Испания веложарысына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана Про Тим» велокомандасы Вуэльта Испания додасына қатысады. Бұл туралы велокоманданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Маусымның қорытынды веложарысы 20 қазан мен 8 қараша аралығында өтеді. 

Құрама тізімі: Александр Власов, Йон Исагирре, Горка Исагирре, Луис Леон Санчес, Омар Фраиле, Алекс Аранбуру, Дмитрий Груздев пен Мерхави Кудус.

Жарыстың спорт директоры: Дмитрий Фофонов, Сергей Яковлев және Стефано Занини.

Айта кетерлігі, Вуэльта Испания велобәйгесі Гранд-турдың соңғы қорытынды кезеңі болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы