Бас жаңалықтар
«Astana Pro Team» велокомандасының атауы өзгереді
16 Қараша 2020, 09:29 117

«Astana Pro Team» велокомандасының атауы өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы «Astana Pro Team» велокомандасы атауын «Astana-Premier Tech» деп өзгертеді.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық нарықтарда 30 жылдық табысты жұмыс тәжірибесі бар канадалық «Premier Tech» компаниясы «Astana Pro Team» кәсіби велосипед клубының жаңа бірлескен иесі атанады. Осыған байланысты «Astana Pro Team» өз атауын «Astana-Premier Tech» деп өзгертеді, - делінген хабарламада.

Осылайша, велокоманданың бас серіктесі «Самұрық-Қазына» қаржыландыруды 50%-ға қысқартады. Қысқа мерзімді перспективада велокомандаға өзін-өзі қаржыландыруға шығу, бұл ретте UCI әлемдік турының жарыстарында өз өнерін жалғастыру міндеті қойылады. 

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кәсіби спорт клубтарын мемлекет есебінен ұстаудың орынсыз екенін атап өткен болатын.



Фото: дереккөз
Загрузка...