«Astana Pro Team» басшыларына қатысты іс сотқа жолданды

26 Қараша 2020, 20:02
1096
Бөлісу:
«Astana Pro Team» басшыларына қатысты іс сотқа жолданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана» кәсіби спорт клубы мен «Astana Pro Team» велокомандасының 3 басшысына қатысты велоспортты дамытуға бөлінген 520 миллион теңгені ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді.
 

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағы бір айыпталушы халықаралық іздеуде, оған қатысты тергеу жалғасуда. Әр тұлға кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешім сотпен айқындалады – делінген хабарламада.
 

Өзгелердің жаңалығы