"Астана Опера" Елбасын мерейтойымен құттықтады

6 Шілде 2020, 14:58
2039
Бөлісу:
"Астана Опера" Елбасын мерейтойымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. “Астана Опера” ұжымы Елбасының туған күнімен құттықтады. 

 Өзіңіз өмірге келтіріп, оған аялы алақаныңыздың жылуын, жаныңыздың шуағын берген, Қазақ Елінің жас та болса бас өнер шаңырағы "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры ұжымының атынан Сізді шежірелі Мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз, - деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Астана Опера” МОБТ директоры ҒалымАхмедьяров.

Ол атағандай, Қазақстанның өрлеу үрдісіне ғажайып дүмпу берген мәнді де сәнді бірнеше стратегиялық тұжырымдамалы шараларды "Астана Опера" ғимараты күмбезінің астында жария еткеніңізді ерекше мақтан тұтады.

Сіз салған "Астана Опера" театры өзінің алғашқы қадамынан бастап, әлемдік бәсекелестік ортада жұмыс істеуіне мүмкіндік алып, оны басты қағидасы етті. Театрдың әр қойылымы отандық және шетелдік көрермендерінің көңілінен жаңғырық тауып, ықылас-қошеметіне бөленуі – соның айғағы. Бүгінгі күні әлем жұлдыздары осы театр сахнасында өнер көрсетуді өзіне үлкен мәртебе санайды, - дейді ол. 

Ахмедьяровтың айтуынша, бабаларымыздың мыңдаған жылдары бойы аңсап-армандаған қазақ мемлекетін құрып, аяғына тік тұрғызып, оны әлем елдерінің  терезесімен тең етудегі ұлы еңбегіңіз ұрпақтан ұрпаққа қасиетті шежіре болып тарайтын болады. 

Сіздің көптеген ғажайып бастамаларыңызға куә болып, ал шығармашылық салада жақын қарым-қатынаста болғанымызды мақтанышпен айтамыз. Себебі Сіз тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында Даналық, Кемеңгерлік, Ұлылық  тұғырынан орын алдыңыз.Сіз бастаған, Сіз басқарған еліміздің өркендеп даму жолындағы Өзіңіз саралап берген игі шараларды бар күш-қуатымызбен атқара беретіндігімізді осынау  Мерейтой мерекесінде Сізге жеткізуге рұқсат етіңіз, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы