Astana Open. Жеңімпаз анықталды

1 Қараша 2020, 21:27
1525
Бөлісу:
Astana Open. Жеңімпаз анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада теннистен АТР 250 Astana Open турнирі мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталды.

Турнирдің ақтық сынында франциялық Адриан Маннарино мен австралиялық Джон Миллман кездескен болатын. Екі сетке созылған кездесуде Миллман 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.  

Осылайша, АТР рейтингінде 45-ші орында тұрған Джон Миллман Нұр-Сұлтандағы турнирдің жеңімпазы атанды.  

Айта кетелік, Қазақстан атынан сынға түскен Александр Бублик пен Тимофей Скатов бірінші айналымда ұтылса, Михаил Кукушкин жарыстың ширек финалында финляндиялық қарсыласына есе жіберді.  Елордадағы турнирге жалпы есебі 28 теннисші қатысқан. 

Өзгелердің жаңалығы